Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді Елбасы Н.Ә.Назарбаев 5 жыл ішінде білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты жалпы ішкі өнімнің 10%-не дейін жеткізу қажеттігін атап өтті.
Осыған орай, білім беру ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайту үшін биыл жылы 3 млрд, теңгеге жуык көлемінде қаражат бөлінді. - Бұрындары бала-бақшаларға орын жетіспеу мәселесі өткір болып келді. Мемлекеттің қолдауы мен жеке кәсіпкерлердің белсенділігінің нәтижесінде облысымыздағы балабақшалар саны 500-ге жетті, оның 52-сі – жеке балабақшалар. Балаларды кезекке қою Орал қаласында электронды жүйеге көшірілді. Облыста 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету 70 %-ды, 3 жастан 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды,- деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында БҚО әкімі Алтай Көлгінов.Сонымен қатар, облыста «Bilim Land» білім беру порталының жоғары сапалы мазмұнын қамтамасыз ету, қалалық және ауылдық мектептердің білім беру ресурстарына тең қолжетімділігін арттыру мақсатында барлық 225 (100%) шағын жинақты мектепке жалпы құны 312 млн. теңгені құрайтын 567 бірлік «Білім кітапшасы» компьютер-трансформерлер сатып алынды. «Нұр Отан» партиясымен бірге 15 IT-сынып ашылып, IT-лицей жұмыс істей бастады. Келесі жылы партиялық жоба бойынша тағы 50 IT-сынып ашылмақ. Айта кетейік, биылғы жылы Орал қаласының Деркөл кентіндегі 600 орындық, Ақжайық ауданының Шабдаржап ауылындағы 200 орындық мектеп, Ақсай қаласындағы 240 орындық балабақша, Зеленов ауданының Дариян ауылында 100 орындық интернаты бар 300 орындық мектеп, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы мектептің 70 орындық интернат пайдалануға берілді. Жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау үшін соңғы екі жылда облыста сұранысқа ие мамандықтар бойынша жергілікті бюджеттен 300 грант бөлінген.