Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясына қатысқан БҚО әкімі Алтай Көлгінов облыстағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен кәсіпкерлікті қолдау саласы туралы да айтып берді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 100 млрд. теңгені құрайтын 831 жоба қаржыландырылған. Сондай-ақ құрылыс саласында 2,7 млрд. теңгені құрайтын 57 жобаға инфрақұрылым тартылған.
Облыс әкімінің баяндауынша, шағын және орта бизнеспен айналысатындар саны алты пайызға артып, 40 мың субъектіні құраған. Облыста бұл салада еңбек ететіндердің саны 10 пайызға немесе 115 мың адамға өскен