2018 жылы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығын қолдау шараларына 12 млрд. теңге бөлінді.
Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 104 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының жалпы егістік көлемі 513 мың гектарға жетті. Сонымен қатар өңірге 2,5 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, агроөнеркәсіп кешенде бірқатар жобалар жүзеге асты,-деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында БҚО әкімі Алтай Көлгінов.