Ғимаратта билет кассалары, күту залдары, тексеру аймағы, ана мен бала бөлмесі, ұзақ уақыт демалуға арналған бөлмелер, сондай-ақ сауда және сервистік қызмет көрсету нысандары жабдықталды.

Кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Вокзалда лифтілер, эскалаторлар мен траволаторлар орнатылып, тактильді навигация жүйесі және қозғалысы шектеулі жолаушылардың демалуына арналған арнайы бөлмелер қарастырылды. Сонымен қатар вокзал бейнебақылау, желдету, өрт қауіпсіздігі және қолжетімділікті бақылаудың заманауи жүйелерімен жабдықталды.

Маңғыстау станциясының вокзалы I санатқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 2 500 адамды құрайды. Станция арқылы өңірді Алматы, Астана, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Семей, Түркістан, Шымкент, Тараз, Орал және Атырау қалаларымен, сондай-ақ Өзбекстанмен байланыстыратын 16 жолаушылар пойызы қатынайды.

Вокзалды жаңарту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қолайлы жағдай жасауға және Маңғыстау облысының теміржол инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған.