Спикердің айтуынша, жүйе іске қосылғалы бері халықтан 50 мың өтініш түскен. Оның 94%-ы орындалған.

«Бұл – шағымдар мен өтініштерді жедел жіберуге мүмкіндік беретін құрал. Тиісті әкімдік өтінішті қабылдап, жұмыс жүргізеді. Шағым жолдаған азаматтарға бес жұмыс күні ішінде мәселенің шешілгені туралы кері байланыс беріледі»,  –  деп түсіндірді Данна Оразкалиева.