Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мына азаматтар марапатталсын:

«Ерлігі үшін» медалімен

Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);

Темірхан Ақжол Тимурұлы – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);

Удалов Никита Александрович – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                            Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 27 қыркүйек