Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Қазақстандық экипаж академиялық ескек есуден ерлер арасындағы рульшісіз қос қайық (M2−) бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды.
А финалында Владислав Яковлев пен Иван Чернухин мәреге бірінші болып жетіп, басты қарсыластары Қытай экипажын 2,09 секундқа басып озды.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!