2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 20 қыркүйекті Дүниежүзілік тазалық күні деп жариялап, тиісті қарар қабылдады. Бұл күннің басты мақсаты – қоғам назарын қоршаған ортаның тазалығына аудару, қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызын насихаттау және табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақыру.
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жұмыстар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жалғасып келеді.
Табиғаттың, аулаларымыздың, көшелеріміздің тазалығы – баршамызға ортақ міндет.