Соңғы басылымдар тізімінде ҚР Қылмыстық кодексіне, Құрылтайдың өкілеттіктеріне, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңдарға қатысты жазбалар бар.
«Біз қолданыстағы заңнаманың тиімділігін талдау арқылы қолданыстағы заңдарға және басқа да актілерге құқықтық мониторинг жүргіземіз. Өткен жылы 50 заңды талдадық. Биыл тағы 30 заңға мониторинг жүргізілді. Қорытындысы бойынша құқықтық базаны жақсарту туралы ұсыныстармен анықтама дайындаймыз. Сондай-ақ Институт Конституция мен заңдардың мазмұнын құқықтық түсіндіруді жүзеге асырады. Біз конституциялық реформаны жүргізуге белсенді көмектестік. Биылдың өзінде Институт қызметкерлері теледидар мен баспасөзде 150-ден астам іс-шара өткізіп, халыққа жаңа Конституцияның мәні мен олардың құқықтарын қарапайым және қолжетімді түрде түсіндірді. Қазір Қылмыстық және Қылмыстық іс-жүргізу кодекстерінің жаңа редакциялары әзірленуде», – деді спикер.
Бұл жұмысты Институт негізінде Әділет министрінің бұйрығымен құрылған тиісті жобалық кеңсе атқарады. Оның міндеті - қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу заңнамаға кешенді талдау жүргізу және оны халықаралық стандарттар мен озық шетелдік тәжірибе негізінде қолдану.
Институт мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың және өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстарын зерделп, тұрақты негізде жұмыс отырыстары, сараптамалық талқылаулар мен пікірталастар өткізеді.