Оның айтуынша, субсидия алу үшін соңғы 6 айдағы әр отбасы мүшесінің табысы 1 күнкөріс минимумы мөлшерінен немесе 50 851 теңгеден аспауға тиіс. Бұл ретте зейнетақы мен жәрдемақы есепке алынбайды.

«Қазір мұндай көмекті 11 200 отбасы алып отыр. Бағдарлама шарттарына сәйкес, жақын туыстардан тұрғын үй жалдауға жол берілмейді. Азаматтар субсидия берілетін тұрғын үйде тұруы тиіс. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында әкімдіктер пәтерлерге тұрақты мониторинг жүргізеді», – деп атап өтті спикер.

Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, мониторинг барысында азаматтардың көрсетілген тұрғын үйде тұрмайтыны, сондай-ақ отбасы мүшелерінен баспана жалдап отырғаны анықталуы мүмкін. Мұндай жағдайларда субсидия төлемі қайта қалпына келтіру мүмкіндігінсіз тоқтатылады.