Қалалар мен елді мекендердің дамуы, жаңа тұрғын аудандардың бой көтеруі, әлеуметтік нысандардың, өндірістік алаңдар мен заманауи инфрақұрылымның пайда болуы – жобалаушылар, геодезистер, бетоншылар, краншылар, сылақшылар мен әрлеушілер сынды түрлі сала мамандарының еңбегінің нәтижесі. Дәл осы мамандар заманауи қалалық ортаны қалыптастыратын жобаларды жүзеге асырып, экономиканың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, қазақстандықтардың өмірін жайлы әрі қолайлы етуге өз үлестерін қосып келеді.

Құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!