Оның айтуынша, биыл стандарттарды әзірлеуде, әсіресе, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, туризм, қызмет көрсету салаларына, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударылуда.
«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде 53 техникалық регламент қабылданды, оның 48-і күшіне еніп, нарықтағы өнімнің 85%-дан астамын реттейді. Жақында Қазақстан Республикасының бастамасымен «Лак-бояу материалдарының қауіпсіздігі туралы» жаңа ЕАЭО техрегламенті бекітілді. Ұлттық деңгейде биылғы жылдың наурыз айында «Көмірлер мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» ҚР техрегламенті күшіне енді. Сәйкестікті бағалау блогы бойынша Қазақстанда 1 773 аккредиттелген субъектінің кең желісі жұмыс істейді, оның ішінде 62 сәйкестікті растау органы және 356 сынақ зертханасы бар. Барлық құжаттарды ресімдеу «Е-КТРМ» АЖ-да толық іске қосылды. Экспортты кеңейту мақсатында ILAC MRA біріктірілген белгісі бар зертханалар ҚР шегінен тыс отандық өнімнің кең ассортиментіне 8 831 сынақ хаттамасын берді», – деді спикер.
Айта кетерлігі, Қазақстан калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктері бойынша Орталық Азия елдерінің ішінде 1-орынды, ал CIPM MRA-ға қатысушы 112 елдің ішінде 45-орынды алады. ІІМ және ТЖМ-мен бірлесіп мемлекет реттейтін өлшеулердің тізімдері жаңартылды. Алғашқы атом электр станциясының құрылысын метрологиялық сүйемелдеу басымдықтардың бірі ретінде анықталды – EPCM-келісімшартқа енгізу үшін талаптар дайындалды. Алты айдың қорытындысы бойынша 1 148-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ISO-мен бірқатар келісімге қол жеткізілді. Қолжеткізілген шарттарды дамыту мақсатында Қазақстан 2026 жылы ISO Кеңесіне және ISO Техникалық басқару бюросына 2027–2029 жылдарға арналған кандидатураларды ұсынды, бұл республикаға халықаралық техникалық саясатқа тікелей әсер етуге және ұлттық мүдделерді ілгерілетуге мүмкіндік береді.