Биыл Ақтөбе қаласында 17,6 шақырым жылу желісін жөндеу жоспарланған. Бұдан бөлек, Ұлттық жоба аясында жалпы ұзындығы 5,2 шақырым болатын жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған төрт жоба іске асырылуда. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозу деңгейін 27%-ға дейін төмендету күтіледі.
«Энергосистема» ЖШС теңгерімінде 14,3 мың шақырымнан астам электр беру желілері мен 173 қосалқы станция бар. 2026 жылы 304 шақырым электр беру желісіне, 14 қосалқы станцияға және 65 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.