Жалпы алғанда, бөлшек сауда желісінде сатылатын 4994 дәрілік препарат шекті бағаларды реттеу тетігімен қамтылған. 

Реттелетін сегментте препараттардың жартысынан астамының бағасы тұрақты деңгейде сақталуда. 

Сонымен қатар, ТМККК және МӘМС шеңберінде қолданылатын 3000-нан астам препарат, оның ішінде әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар қосылған құн салығынан босатылған.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар үшін дәрілік заттардың бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Дәрілік заттарға белгіленген шекті бөлшек сауда бағаларының асып кету фактілері анықталған жағдайда, Сіз DariKZ мобильді қосымшасы арқылы растайтын материалдарды (тауарлық чек пен дәрілік заттың қаптамасы) қоса тіркеп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне өтініш жібере аласыз. Сондай-ақ, DariKZ мобильдік қосымшасы арқылы дәрілік заттарды қолданғаннан кейін туындаған жағымсыз әсерлер туралы ақпаратты да жіберуге болады.