Оның айтуынша, елімізге келген шетелдік туристердің шығындары $2,9 млрд құраған. Бұл ретте туристік салаға тартылған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгеге жеткен. Ал салық түсімдерінің көлемі 18%-ға ұлғайып, 630 млрд теңгені құрады. 

«Саланы одан әрі дамыту мақсатында осы жылдың наурыз айында заңнамалық түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, туристік автобустар үшін «асыл дәліз» тетігі енгізілуде. Бұл ұйымдастырылған туристік топтардың мемлекеттік шекарадан өту уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Визит-орталық ұғымы бекітіліп, олардың құрылуы мен жұмыс істеуіне қойылатын негізгі талаптар айқындалды. Туристік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілетін болады», — деп атап өтті Ербол Мырзабосынов. 

Жаңартылған заңнама аясында балалардың мен экологиялық демалысқа ерекше көңіл бөлінген. 18 жасқа дейінгі балалар үшін ұлттық саябақтарға кіру тегін. Бұл шара ішкі туризмнің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ каникул кезеңінде өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.