Жыл сайын 7 маусымда елдегі әділ бәсекелестікті дамытуға және қолайлы іскерлік орта қалыптастыруға үлес қосып жүрген мамандар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Олардың қабылдайтын шешімдері экономиканың тұрақты дамуына, кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндіктердің қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Биыл Қазақстанның монополияға қарсы органы құрылғанына 35 жыл болады.