Сонымен қатар тұқым сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде: жалпы қажеттілік стандарт бойынша 1-ші және 2-сыныптарға сәйкес келетін 2,3 млн тоннаны құрайды. Тыңайтқыштардың ішкі нарықтағы бағасы да белгілі бір межеде бекітілді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сәуір айынан бастап элеваторларды салу мен жаңғыртуды жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды. Біз осы тапсырманы жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірледік, онда негізгі қаржыландыру критерийлері мен астық сақтау нысандарын салу және жаңғырту жөніндегі индикаторлар көзделген. Қаржыландыруды толық қамтамасыз ете отырып, элеваторлардық қуатын 1 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында.