Экспозицияда қазақстандық суретшілердің әр буынының шығармашылығын танытатын 30-ға жуық кескіндеме туындысы қойылған. Көрме отандық бейнелеу өнерінің даму жолын, тарихи сабақтастықты, адам мен табиғат арасындағы байланысты, түркі дүниесіне ортақ мәдени ерекшеліктерді танытуға бағытталған.

Экспозицияда Әбілхан Қастеев, Молдахмет Кенбаев, Қанафия Телжанов, Нұрбек Таңсықбаев, Мария Лизогуб, Айша Ғалымбаева, Сабыр Мәмбеев, Салихитдин Айтбаев, Шаймардан Сариев және өзге де қазақстандық қылқалам шеберлерінің туындылары ұсынылған.

Пейзаж, натюрморт және тақырыптық картиналарда Қазақстан табиғаты, халықтың тұрмыс-тіршілігі, ұлттық болмыс пен адамның рухани әлемі көрініс тапқан.

Көрмеге Әбілхан Қастеевтің «Медеу», сондай-ақ, Айша Ғалымбаеваның қазақы тұрмыстың шынайы болмысын айқын көрсететін «Апорт», «Дәмді шай» және «Қырықтықшылар» туындылары қойылған.

Әзербайжан ұлттық өнер музейіндегі көрме 31 тамызға дейін жалғасады.