Президент бірлесе жұмыс істеуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтіп, еліміз француз компаниясымен өзара ықпалдастықты нығайтуға ерекше мән беретініне тоқталды.
EDF басқарма төрағасының айтуынша, компания орнықты және заманауи энергетикалық инфрақұрылым бойынша байланыстарды одан әрі жандандыруға ниетті.
Президент Қазақстан халықаралық серіктестермен, соның ішінде EDF компаниясымен ашық және тең дәрежелі қағидаттарға сай тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін растады.
Кездесуде уран жеткізу бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.