Спикер ерте кезеңдегі вакциналаудың бронх демікпесінің алдын алуға көмектесетінін атап өтті.

«Вирустық инфекцияларға, тұмауға, пневмококк инфекциясына және атопиялық дерматитке қарсы вакциналау пациенттерді қорғауға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде аллергиялық аурулар әлдеқайда кеш дамиды. Яғни, олар жеңілірек өтеді. Тиісінше, ауруханаға жатқызу мен аурудың асқыну жағдайлары азаяды. Сонымен қатар белсенді қартаю мәселесін ерекше атап өткім келеді. Ересектерге арналған вакциналар да иммунологиялық қартаюды реттейді. 2026 жылғы қаңтарда жүргізілген соңғы зерттеу егде жаста, тіпті 70 жастан кейін де вакцина алу иммундық жүйені жаттықтыруға ықпал ететінін көрсетті», – деді Елена Ковзель.

Дөңгелек үстел барысында аллерголог-иммунолог дәрігер қазақстандықтарды тіпті егде жаста да екпе алуға шақырды.

Оның айтуынша, тұмауға, пневмококк инфекциясына және КДС (АКДС) қарсы вакциналау деменция мен Альцгеймер ауруының негізгі себебі болып табылатын атеросклероздың алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ вакцинация қант диабетінің асқынуын болдырмау шарасы болып саналады. Егде жастағы пациенттердегі әрбір ауыр инфекция олардың созылмалы ауруларының қиындауына әкеледі. Бұдан бөлек, вакциналар физикалық, когнитивтік және әлеуметтік белсенділікті сақтауға мүмкіндік береді.