Науқанның негізгі элементі- әр отбасының күнделікті өміріне «Қауіпсіздік минуты» ережесін енгізу. Ережеге сәйкес ата-аналар күн сайын үй ішін қысқаша тексеріп шығу әдетін қалыптастыруы керек. Тексеру кезінде терезе бұғаттағыштарының беріктігіне және терезе алдында бала шығып кететін жиһаздың тұрмауына баса назар аудару қажет. Басты мақсат -әрбір ата-ананың бойында тұрмыстық қауіпсіздік дағдысын қалыптастыру.

Науқан аясында өңірлерде атқарылатын іс-шаралар:
✓ Мектептер мен балабақшаларда «Қауіпсіз үй» тақырыбында сабақтар мен арнайы мамандардың қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізіледі.
✓Үй басқарушыларымен және белсенді тұрғындармен бірлесіп, терезелерге арнайы құлыптар орнату және қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық парақшаларды тарату жұмыстары ұйымдастырылады.
✓ Жаңа туған нәрестелерді патронаждық тексеру кезінде медицина қызметкерлері үй ішіне шағын «қауіпсіздік аудитін» жүргізіп, ата-аналарға нақты кеңестер береді.

Науқан мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен БАҚ-тың тығыз ынтымақтастығы арқылы жүзеге асады. Бірлескен күш-жігер ересектердің бала өміріне деген жауапкершілігін арттырып, әр үйде қауіпсіз орта құруға бағытталған. Бұл жұмыс еліміздің барлық өңірінде балалар қауіпсіздігінің біріңғай стандарттарын қалыптастыруға және жарақат алу қаупін жүйелі түрде азайтуға мүмкіндік береді.