Қазақстанда 7 сәуір – Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлер күні. Бүгінде мемлекеттік қызметтер тек халыққа қызмет көрсету орталықтарымен ғана шектелмейді, сонымен қатар цифрлық сервистер, мобильді қосымшалар және проактивті қызметтер арқылы да жүзеге асырылады. Осының барлығы – құжат рәсімдеуге көмектесетін, қолдау көрсететін және азаматтардың маңызды өмірлік мәселелерін шешуге атсалысатын мамандардың күнделікті еңбегінің нәтижесі.

Мереке құтты болсын!