Мұндай туристік карталар Қазақстан Республикасына кіреберісте, халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында үлестіріледі. Туристік карталар арқылы шетелдік қонақтар Safetravel.kz порталы мен мобильді қосымшасына қол жеткізе алады. Аталған ресурста полиция, жедел жәрдем, құтқару қызметтері, такси қызметтері мен байланыс операторларының байланыс нөмірлері, сондай-ақ көші-қон есебіне қою тәртібі мен жеке қауіпсіздікке қатысты ұсынымдар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған. Бұл шетелдік азаматтарға қажетті ақпаратты жедел алып, қажет болған жағдайда тиісті көмекке жүгінуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар туристерге Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптары да түсіндірілді. 

– Негізгі мақсатымыз – қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, азаматтар мен шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың елімізде қауіпсіз әрі жайлы болуына жағдай жасау, – деді Көліктегі полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Тоғызбаев.

Жыл басынан бері QR-коды бар 211 мыңнан астам туристік карта таратылған. Шетелдік азаматтарды ақпараттандыру және сүйемелдеу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай іс-шаралар Алматы, Шымкент, Түркістан, Ақтау және Өскемен қалаларының әуежайларында да өткізілді.