Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың қатысуы мынаны құрады:
Абай облысы 69,29%
Ақмола облысы 71,33%
Ақтөбе облысы 77,65%
Алматы облысы 68,23%
Атырау облысы 64,33%
Батыс Қазақстан облысы 60,61%
Жамбыл облысы 70,31%
Жетісу облысы 68,50%
Қарағанды облысы 72,63%
Қостанай облысы 70,96%
Қызылорда облысы 82,02%
Маңғыстау облысы 68,19%
Павлодар облысы 68,41%
Солтүстік Қазақстан облысы 60,70%
Түркістан облысы 72,39%
Ұлытау облысы 66,50%
Шығыс Қазақстан облысы 78,98%
Астана қаласы 47,76%
Алматы қаласы 28,16%
Шымкент қаласы 72,61%
Жалпы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 64,43%-ын құрады.
Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды.