Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу бағдарламасы аясында биыл шамамен 2 мың шақырым жолды аяқтау көзделген.

Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуындағы жұмыстарды аяқтау, Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл – Қорған автожолын қайта жаңарту жолын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2026 жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың 95%, ал жергілікті жолдардың 92% нормативтік стандарттарға сай болады деп жоспарланған.

Құрылыс және қайта жаңарту жобаларының жалпы қамту көлемі 2026 жылы 3,4 мың шақырымды құрайды.

«Биыл саланы дамытудың үш жылдық жоспарында көзделген транзиттік бағыттарды жаңғырту бойынша жаңа жобалар іске асырыла бастады. Қаржыландыру тарту арқылы барлық жұмыстар «кілт тапсыру» принципі бойынша жүргізіледі. Бұл кешенді тәсілді қамтамасыз етіп, белгіленген мерзімдердің сақталуына мүмкіндік береді», – деді Мақсат Қалиақпаров Көлік министрлігінің алқа отырысында.

Атап айтқанда, Қызылорда – Ақтөбе бағыты бойынша жолды төрт жолақты етіп кеңейте отырып қайта жаңарту жұмыстары басталады. Қарағанды – Жезқазған жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме бекітіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары екінші жартыжылдықта басталмақ.

Ұзындығы 559 шақырым болатын Бейнеу – Сексеуіл жобасы тасымал қашықтығын 900 шақырымға қысқартып, жол жүру уақытын үш тәулікке дейін азайтуға мүмкіндік береді. Вице-министрдің айтуынша, жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Ұзындығы 102 шақырым болатын Сарыағаш қаласының айналма жолы жобасы бойынша отандық компаниялар арасынан мердігер ұйымдар анықталған.

Сонымен қатар, спикер ақылы жол учаскелерін дамыту, жол бойындағы сервис нысандары желісін кеңейту, жұмыстар сапасын арттыру, ғылымды және бұл саланы цифрландыруды дамыту бағытындағы алдағы жоспарлармен бөлісті.