Спикердің айтуынша, Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарында мемлекет төлемдер бойынша өз міндеттемелерін толық орындады. Ал Алматы қаласында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Павлодар облыстарында мемлекеттік міндеттемелердің 80%-дан астамы орындалған. Алдағы 3 жылда 763 млрд теңге төленеді деген болжам бар.

«МЖӘ жобаларын іске асыру тиімділігін арттыру мақсатында жыл сайын өңірлердің рейтингі қалыптастырылады. Рейтинг енгізілгеннен кейін өңірлер өз жобалары бойынша мониторингті белсенді жүргізе бастады, құжаттаманы жүйеледі, инвестиция тартуға басымдық берді. 2025 жылы рейтингті қалыптастыру әдіснамасы жетілдірілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша көшбасшылар қатарына Астана қаласы, Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай және Жетісу облыстары әкімдіктерінің МЖӘ жобалары енді. Бұл өңірлер басқалармен салыстырғанда көбірек инвестиция тартты, жобалардың іске асырылуына мұқият мониторинг жүргізді, құжаттаманы жүйеледі. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстары төменгі позицияларды иеленді», – деп атап өтті Аслан Қалиғазин.

Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының басшысы баспасөз мәслихатында алдағы жоспарлармен бөлісті. Атап айтқанда, орталық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың негізгі құралына айналуға тиіс басым инфрақұрылымдық және салалық сегменттерді айқындау бағытында жұмыс жүргізуде. Бұл тек бюджеттік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылатын жобаларды жүйелі түрде МЖӘ жобаларымен алмастыруға қатысты бағыттардың тізбесін қалыптастыруды көздейді. Осы бағытта орталық басым инфрақұрылымдық сегменттерде МЖӘ-ге қатысты рәсімдерді жеңілдету және стандарттау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Жобаларды іске асырудың нақты институционалдық және қаржылық тетіктерін айқындай отырып, бағдарламалық МЖӘ-ні дамыту жалғасады. Сонымен қатар концессиялық жобалардың ең төменгі табысын кепілдендіру тетіктері қарастырылады. Мұның барлығы инвесторларға шарттарды жылдам түсініп, іске асыру кезеңіне жедел кірісуге, ал мемлекетке әкімшілік кедергілерді азайтуға, жобаларды тездетіп іске қосуға және бюджетке түсетін жүктемені қысқартуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді спикер.

Сондай-ақ «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ тарапынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асырудың негізгі құралына айналуға тиіс басым салаларды айқындау бойынша жұмыстар жүргізілуде, жеке және халықаралық инвестициялардың жүйелі түрде тартылуына жағдай жасалып жатыр. Сонымен қатар жобаларды дайындау сапасына және олардың экономикалық негізділігіне қойылатын талаптар күшейтілуде.