Фестиваль аясында FIRST бағдарламасы бойынша өтетін Central Asia FIRST Championship халықаралық чемпионатында қатысушылар инженерлік жобаларын ұсынады. Одан бөлек, Alem Drone League дрон жарыстары, гуманоид роботтар, RoboCup, Battle of Bots және Hour of AI сияқты бағыттар бар.

Чемпионат нәтижесінде 50 үздік команда анықталып, оның 14-і АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship әлемдік финалына жолдама алады. Қалған командалар Канада, Мексика, Нидерланды, Түркия, БАӘ, Қытай, Грекия және Оңтүстік Кореядағы халықаралық жарыстарға қатысады.