Бұл Қазақстандағы ең басты мемлекеттік мереке. 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Тәуелсіздік еліміздің мемлекеттілігін қалыптастырудың, экономиканы және әлеуметтік саланы дамытудың, мәдени мұраны сақтаудың, ұлттық бірегейлік пен қазақстандықтардың бірлігін нығайтудың берік негізіне айналды.

Мереке құтты болсын! Еліміз өркендей берсін, тұрақтылық пен береке-бірлік тілейміз!