Бұдан бөлек, акцияға қатысушылар аумақты тазалап, қоқысты жинап, тәртіп орнатты. Соның нәтижесінде бұл тұрғындардың демалуы үшін анағұрлым таза әрі жайлы орынға айналды.

Шараға 400-ден астам адам қатысып, олардың қатарында түрлі ұйымдардың өкілдері, жастар мен белсенді тұрғындар бар.

Сонымен қатар, Жетісу облысының Ескелді ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін балалар ойын және спорт алаңдары салынып жатыр. Соңғы екі жылда осындай нысандар Қарабұлақ, Матай Байысов, Ақын Сара, Ешкіөлмес, Абай ауылдарында орнатылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі. 

Аталған экологиялық бағдарлама аясында Қарабұлақ ауылындағы саябақ абаттандырылды. Сондай-ақ ауылдарда көшелерге жарық тіректері орнатылуда. Жұмыстар осы айдың соңында аяқталады.