Жаңа оқу жылынан бастап білім беру үдерісіне ЖИ элементтері кезең-кезеңімен енгізіледі. Атап айтқанда, 2025-2026 оқу жылында ЖИ интеграциясы «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен басталады. Бұл бағытта орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолданудың этикалық стандарттары бекітілді. Оқушылар үшін Day of AI онлайн курстары, ал педагогтар үшін үш деңгейлі біліктілікті арттыру курстары дайындалды.

Сондай-ақ оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептерді басқару мәселесін қозғады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басқарудың жаңа стандарты әзірленіп, 3 мыңнан астам педагог үш деңгейлі оқытудан өтті. Аталған модель өз жұмысын осы жылдың қыркүйек айынан бастайды», — деді Ғ.Бейсембаев.