Оның айтуынша, 1-10 тамыз аралығында 70-тен астам ірі іс-шара, концерттік бағдарлама, 10 театрландырылған қойылым, 8 көрме мен фестиваль, ұлттық жарыс, 5 республикалық және халықаралық шығармашылық жоба қамтылған.
«Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырлған шаралар бірінше рет 10 күндік ретінде аталып өтуде. 1 тамыз күні «Абай академиясы» атты энциклопедиялық портал іске қосылды. Абай мұрасы цифрлық кеңістікке жол ашты. Семей қаласында ұлттық өнерді, салт-дәстүрді дәріптейтін этноауыл қалашығы ашылды. Белгілі иллюстратор Аңсаған Мұстафаның «Көңілге түрлі ой салар» атты көрмесі, «Асыл мұра» қолөнершілер фестивалі, «Адамзаттың алыбы хәкім Абай» мерейтойлық концерті өтті»,-деді спикер.
Сонымен қатар Түркістан облысының мәдени күндері аясында 2-3 тамызда ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі, қолөнер шеберлерінің көрмесі және өнерпаздар концерті ұйымдастырылды. Ал, ерекше форматта өтіп, мыңнан астам адам қатысқан «Абай quiz» республикалық зияткерлік ойыны еліміздің рекордтар кітабына ұсынылып отыр.