Есепті жылы азаматтар мен ұйымдарға осы саладағы мемлекеттік қызметтердің 93 түрі қолжетімді болды, оның 51-і электрондық форматта. Барлығы 5,9 млн қызмет көрсетілді, оның 86%-ы (5,1 млн) онлайн режимінде ұсынылды.
Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы жануарлары туралы деректерді өзектендіру және оларды өсіру объектілеріне нөмір беру бойынша қызметтер үлкен сұранысқа ие болды. Ветеринария саласында өнім экспорты үшін паспорттар, анықтамалар мен сертификаттар беруде сұраныста.
Өтініштердің көп бөлігі экспорт кезінде тасымалдау және ветеринариялық талаптарды сақтау үшін міндетті құжаттарды рәсімдеумен байланысты.