2024 жылдың желтоқсан айында бұл мектептердің алғашқы төрт нысанының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Биылға өтпелі кезеңмен тағы 9 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Бұл оқу орындары 8100 оқушыға арналған.
Сонымен қатар, ұлттық пилоттық жобаны оңтайландыру мақсатында осы жылы 9400 оқушы орнына лайықталған тағы 8 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
Бұдан бөлек, өңірде жер қойнауын пайдаланушы инвесторлардың есебінен 1200 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі 1300 мектепті жаңғырту шеңберінде Маңғыстау облысында 2025-2027 жылдар аралығында 21 мектепке күрделі жөндеу жүргізілмек. Биылға арналған жоспар бойынша 144 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.