Ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету үшін 655 нысан, оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.

Құрылыс арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен; жергілікті бюджет қаражатынан; «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.