Шараға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен ауыл тұрғындары қатысты.
– Ел Президентінің бастамасымен қайтарылған активтер есебінен өңірде әлеуметтік инфрақұрылым жаңғыртылып, тұрғындар игілігіне қызмет ететін бірқатар нысан салынуда. Солардың бірі – бүгінгі ауызсу жүйесі. Көптен күткен бұл жобаның іске асуы – халықтың өмір сапасын арттыру жолындағы нақты қадам, – деді құттықтау сөзінде Нұрғалым Әбдіров.
Ауызсу жүйесінің құрылысын «Пырақ-Құрылыс» ЖШС жүргізді. Қазіргі уақытта 75 үйдің ауласына ауызсу құбыры тартылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 15 ауызсумен жабдықтау және 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қаржыландырылды.