Бүгінгі күні табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыру туралы Заң жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. Заң жобасында мемлекеттік сақтандыру ұйымын құру, табиғи апаттар қаупі жоғары өңірлердің тізімін бекіту, сақтанушылардың міндетті жарналарын жинау тәртібі, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі және т.б. көзделген.

Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи апаттарға ұшырау қаупі бар аумақтарды айқындау және ел өңірлерінің тәуекелге ұшырау деңгейлерін анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар жобаларын әзірледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізілуде, табиғи апаттар кезінде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін шұғыл несие алу шарттары бойынша халықаралық сарапшылармен консультациялар өткізілді.