Оның айтуынша, қазір күн ыстықта шомылатын орындарда энтеровирус тез тарайды. Маман ата-аналардың назарын осыған ерекше аударды. 

«Бұл ауру, көбіне, асқазан, ішек жолдары мен жүйке жүйесіне әсер етеді. Энтеровирустар пикорнавирустар тобына жатады. Адамда серозды менингит, миокардит, экзантема, ішек инфекциялары сынды ауруларды тудырады. Клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуі, аяқ-қолдарда бөртпе пайда болады, герпетикалық ангина, бас ауруы пайда болады, жүрек айнуы, құсу, диарея және жоғарғы тыныс жолдарының каторальды белгілері байқалады», – деді спикер. 

Ал, аурудың қоздырғышы шигелла болса, ол дизентерия ауруын туғызады. Онда дене қызуымен бірге адамның іші ауырып, сол жақ мықын аймағында ауырсыну пайда болады.