Бауыржан Жүсіпов айтқандай, дұрыс тамақтану, көбіне, дене салмағының жетіспеушілігі немесе артық салмағы бар адамдардың үлесі бойынша бағаланады. Өткен жылы ЮНИСЕФ-тің көмегімен Ұлттық статистика бюросы бүкіл ел бойынша 20 мың үй шаруашылығын қамтыған зерттеу жүргізді.

«Алдын ала нәтижелерге сәйкес, 5 пен 9 жас аралығындағы балалардың 23%-ы артық салмақтан, оның ішінде 6%-ы семіздіктен зардап шегіп отыр. Бұл деректер Қазақстанның, әлемнің көптеген басқа елдері сияқты, балалар популяциясына да әсер ететін семіздік эпидемиясымен бетпе-бет келгенін көрсетеді. Бұл ретте семіздік ұлдар арасында жиі кездесетіні атап өтілді», - деді спикер.

Сондай-ақ ол ЮНИСЕФ ҚР Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктеріне білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары үшін тамақтанудың жаңа стандартын әзірлеуге жәрдем көрсеткенін хабарлады. Стандарт ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі және оқу жылының басынан бастап балалар жаңартылған талаптарға сәйкес тамақтанады Айта кетерлігі, бүгінде 1,7 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылған.