Тоқыма, аяқ киім, арнайы киім – күнделікті сұранысқа ие осы тауарлардың барлығы сала мамандарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Ал мал шаруашылығы саласының қызметкерлері еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайта отырып, халықты табиғи өнімдермен қамтамасыз етеді.

Осы салаларда еңбек етіп жүрген азаматтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз.