Бұл өмірдің бақытты кезеңі - қорқынышсыз,  мейірім мен шаттыққа толы бейқам балалық шақты еске салатын ерекше мереке. Бүгінде қазақстандықтардың үштен бірі — балалар. Оларды қорғау мемлекет пен қоғамның басты міндеттерінің бірі. Әрбір қабылданған шешім, әрбір бағдарлама, әрбір бастама кішкентай қазақстандықтың армандарын орындауға бағытталған.

Балалардың күлкісі, риясыз қуанышы тоқтамасын.