«Денсаулық сақтау ресурстарын басқару жүйесін жаңғырту іске асырылады. Ол медициналық ұйымдардың қаржыны жұмсау ашықтығын қамтамасыз етеді. Биыл балалар денсаулығының жай-күйіне цифрлық мониторинг жүргізу бойынша жұмыс басталды – вакцинация, психофизикалық даму, есту бойынша деректер ескерілетін болады. Жүкті әйелдер, аналар және динамикалық бақылаудағы азаматтардың денсаулығына да мониторинг жүргізіледі», – деді спикер.

Сонымен қатар, еліміздің 9 өңірінде медициналық қызметтерге ақы төлеудің бірыңғай жүйесі іске қосылды. Маусым айында жүйе бүкіл елді қамтиды.