А. Серікбайдың айтуынша, бұл жобаның мақсаты жасөспірімдерді ғылым мен білімге баулу және салауатты өмір салтын насихаттай отырып, дұрыс тамақтануды дәріптеу болып табылады. Ал, жобаның міндеттері: инновациялық отандық экоөнімдер «EcoTagam» орталығы, жастардың білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттыру, ата-ана мен балаларға арналған агро-тур мен пайдалы мастер-класстар өткізу.
«Ғылыми биологияда жүргеніме 14 жыл болды, бойыма сіңірген тәрбие мен білімді қазіргі таңда өзіме және қоғам игілігіне жұмсап келе жатқан жас ғалыммын. Қазіргі таңда жаратылыстану ғылымдарының магистрі, PhD ғылым докторы ретінде ғылымды дамыту мақсатында мектеп оқушыларын зерттеу жұмыстарымен айналысуға бейімдеу арқылы халықтың игілігі үшін кәсіп жасауды ұйғардым. Осы оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын бизнес жаңа идея инновациялық жобалармен байланыстырып, бірлескен алғашқы жобаларын қорғау үстінде», – деді спикер.
Айта кетерлігі, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында «Ғылым» бағыты бойынша ғылыми-білім беру орталығы мамандарды даярлау және Қарағанды өңірінде заманауи «жасыл» агротехнологияларды енгізу үшін облыс мектептерінде технологияны пысықтауға және білім беру желісін ұйымдастыруға бағытталған.
«Назар аударатын мәселе – өңірлердегі, ауылдық жердегі жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру және жас кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау өзекті болып отыр. Бастамалары мен жаңа иедялары бар жастарды грантқа қатысуға шақырамыз», – деп түйіндеді грант иегері.