Оның айтуынша, конкурстық өтінімдерді бағалау үшін орталық атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның өкілдері, ғалымдар және грант бағыттары бойынша мамандар мен сарапшылардан конкурстық комиссия құрылады.

«Конкурстың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін 30 жас азаматқа грант берілетін болады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын пайдалану мерзімі бір жылдан аспайды. Конкурс туралы толық ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынан, сондай-ақ әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарынан білуге болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз   және   әрқайсымыз   үшін.   Қазір   және   әрдайым»   сайлауалды   бағдарламасын   іске   асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын 2029 жылға дейін беру жоспарлануда», – деді ведомство өкілі.

Өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Конкурсқа арналған құжаттар тізбесі: 1) конкурстық өтінім; 2) жобаның сипаттамасы; 3) жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация; 4) шығындар сметасының жобасы; 5) Зияткерлік меншік туралы мәліметтер; 6) жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуға тиіс. 

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты негізінде ғылым, мәдениет, IT, медиа, бизнес саласындағы жастар бастамаларына арналған өңірлік гранттарды іске асыру» көзделген.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2024 - жылы жастар бастамаларын қолдауға жергілікті бюджеттен қосымша 200-ден астам өңірлік «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру көзделген, оның ішінде 36 грант табысталды. Әкімдіктер гранттың саны мен мөлшерін дербес бекітеді. Осы жылдың соңына дейін 150-ден астам грант беру жоспарлануда