Жылыой ауданы мен Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Соңғы тәулікте 77 үйде электрмен жабдықтау, 150-де газбен жабдықтау қалпына келтірілді. Құлсары қаласында зардап шеккен 3591 адам 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек алды. Су айдау жұмыстары жалғасуда, 1,8 млн текше метр су тартылды. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиевтің айтуынша, су 1710 жеке үйден шығарылды. Дезинфекциялау жұмыстары да жалғасуда.

«25 сәуірге дейін азаматтардан шығынды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2523 өтініш қабылдады, мүлікті техникалық тексеруге және бағалауға 40-тан астам маман жұмылдырылды. Атырау облысына келетін болсақ, Жайық өзенінің тасуы және Иреклі су қоймасынан су жіберудің ұлғаюына байланысты су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Жұмыс 96%-ға аяқталды. 500 шақырымнан астам бөгет тұрғызылды, 4,7 млн-нан астам қапшық төселді, 15 мыңнан астам адам және 1,5 мың бірлік техника жұмылдырылды», – деп атап өтті спикер.

Ол алдағы 3-4 күнде жұмыстар толық аяқталатынын айтты.