Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Қазақстан халқына» қоры арасында «Солнечный-2» шағын ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 100 тұрғын үй салу туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

«Солнечный-2» шағын ауданында қысқа мерзімде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін дайын инженерлік инфрақұрылым мен коммуникациялар бар.

Бұған дейін Қордың Қамқоршылық кеңесі ел бойынша үйлердің құрылысына 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекіткен болатын. Қосымша, бұл мақсатқа 1-30 сәуір аралығында жиналған ерікті қайырымдылықтардан түскен қаражат бағытталады. 24 сәуірдегі көрсеткіш бойынша қордың шоттарына 2,9 млрд теңге түсті.