Жалпы Құлсары қаласы мен Жылыой ауданы бойынша қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 1,4 млн текше метрден астам еріген су сорылды. Түрлі шағын аудандағы 42 үйде инфекциялық іс-шаралар жүргізілді, 106 тұрғын үй мен 27 кәсіпкерлік нысан электр қуатына қосылды. Газбен жабдықтауды қалпына келтіру жалғасуда.

«Нысандары су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге арналған кеңес беру орталығы өз жұмысын жалғастыруда. 82 кәсіпкер кеңес алды. Атырау облысы бойынша алдын алу шаралары жалғасуда. Жұмыс жоспарына 521 шақырым жағалау бекіткіштерін орнату кіреді. Жұмыс 92%-ға аяқталды», - деді спикер.

Облыс бойынша 15 мыңнан астам адам және 1,5 мың бірлік техника жұмылдырылды.