Солтүстік Қазақстан облысының еріктілер өңірлік фронт офисінің үйлестірушісі Евгений Соловьев су тасқынынан зардап шеккен халықты қолдау жөніндегі жұмысқа қатысқандардың барлығына, әсіресе, қиын жағдайға қарамастан тынымсыз еңбек ететін еріктілерге алғысын білдірді.

Спикердің айтуынша, олар өткен аптада гуманитарлық пункте тәулік бойы азық-түлік, гигиеналық құралдар, медициналық препараттарды қоса алғанда, 100 тоннаға жуық гуманитарлық жүк жинаған.

Еріктілер фронт офисінің жұмысы 3 кезеңге бөлінген. Біріншісі – іздеу-құтқару жұмыстарына қатысу, қайықтар, жабдықтар бар, адамдар шұғыл көмекке мұқтаж су басқан аудандарға барады.

«Келесісі - гуманитарлық жұмыс. Тәулік бойы пункте көмек қабылдаймыз, оны түсіреміз, таратамыз, қажет болған жағдайда атаулы көмек жасаймыз, деректерді жинаймыз. Қоймаларда әлі де резервте ауыз су қалды. Алдағы күндері 20 тонна су мен азық-түлік жеткізіледі», – деді спикер.

Үшінші бағыт – эвакуациялық пунктерді қолдау. Су басқан аудандарға және Петропавл қаласының өзіне баса назар аударылады. Мұнда 1400-ге жуық адам жұмылдырылды.