«Батыс Қазақстан облысында қауіпті жағдай сақталуда. Бүгінгі күні су деңгейі 24 см артып, қауіпті деңгейден асты. Қауіпті деңгей 8 м 50 см болса, қазір 857 см құрайды. Қорғау жұмыстары жалғасуда, қаланы қорғау бағытында Жайық өзенінің бойындағы 80 ауылда біркелкі жұмыстар атқарылды. 35 км қорғау бөгеті салынып, қапшықпен нығайтылды. Бұл жұмыстарға 2 мыңға жуық арнайы техника, 8 мыңға жуық адам тартылды», –деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен брифингте.