Қаулы жобасында:

  • Еңбекмині жанынан жеке Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетін құру;
  • Еңбекминінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің атауын Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті деп өзгерту;
  • Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің атауын өзгерту;
  • мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне байланысты редакциялық түзетулер көзделеді.

Еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбекминінің қарамағына беру нәтижесінде еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау күшейтілетін болады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, ел кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады.

Қаулы жобасымен толығырақ «Ашық НҚА» порталында сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14992377.