«Балық өнімдерін қадағалау жүйесі балық аулаудан бастап, оны тұтынушыға сатуға дейінгі көлемді бақылайды. Сауда орындарында балық сату үшін ветеринарлық анықтама немесе сертификат қажет. Ал оны алу үшін облысаралық балық шаруашылығы инспекциялары осы көлемнің заңдылығын растайтын балықтың ауланғаны туралы анықтама береді. Егер балық Қазақстанға әкелінбеме, өсірілмесе немесе ауланбаса, ветеринарларда үшінші немесе төртінші кезеңде тіркелсе, ветеринариялық қызметтер осы жүйе арқылы өз құжаттарын ұсына алмайды. Бұл жағдайда балық автоматты түрде браконьерлік болып саналады», – деп түсіндірді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Әзірлеушілердің айтуынша, қазіргі уақытта бұл жүйе сынақтан өткізілуде. 2024 жылдың І тоқсанында оны өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарлануда.